Білім беру ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілерден тұратын қабылдау комиссиясы бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Білім беру ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілерден тұратын қабылдау комиссиясы бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығының 1-тарау 9-тармақшасында көрсетілген «Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауыстыру осы оқу орнында орындардың босауына қарай оқу жылы ішінде жүзеге асырылады» қағидатына сәйкес Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК қоғамдық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және жұмыс берушілердің өкілдерінен құралған 2023-2024 оқу жылының қабылдау комиссиясы мемлекеттік тапсырыспен бөлінген бос орындарға келесі мамандықтар бойынша байқау жариялайды:
– 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігімен 09120100 «Емдеу ісі» мамандығына – 5 орын;
– 4S09880101 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігімен 09880100 «Гигиена және эпидеми ология» мамандығына – 2 орын;
– 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігімен 09130100 «Мейіргер ісі»
мамандығына – 7 орын;
– 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен 09130100
«Мейіргер ісі» мамандығына – 1 орын;
– 4S09110102 «Дантист» біліктілігімен 09110100 «Стоматология» мамандығына – 4 орын;
Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген:
– жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;- санатындағы азаматтардың құқығы басым болады.

Құжаттарды қабылдау: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 22 мекен-жайы бойынша 2023 жылғы 31 тамыз сағат 16:00 -ге дейін жүргізіледі.