09120100

«Мейіргер ісі» мамандығы (Қолданбалы бакалавр)

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Мамандықтар > «Мейіргер ісі» мамандығы (Қолданбалы бакалавр)
Бөлім меңгерушісіТашкенбаева Ботагоз Тлектесовна
Почтаbacalavr@shmk.kz
Телефон+7 (7252) 53-09-10 (115)

Оқытудың нормативтік мерзімі:

3 жыл 6 ай жалпы орта білім базасында 

1 жыл 6 ай  техникалық және кәсіптік  орта білімнен кейінгі білім базасында

5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі

Білім беру түрі: күндізгі

Техникалық және кәсіби білім негізінде оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді көздейді:

  • Жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
  • Кәсіби этикалық қағидаттарға және құпиялық қағидаттарға бейімделгенін көрсетеді, құқықтық және ұйымдастырушылық нормаларын сақтайды, оңтайлы жұмыс ортасын қолдауға жауап береді, жалпы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталады, өз әрекеттеріне және соңғы нәтижеге жауапкершілік тартады.
  • Түрлі адамдармен түрлі жағдайларда технологиялардың кең ауқымын қолданып тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті.
  • Түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу.
  • Емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.
  • Мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
  • Өзінің дербес әрекеттеріне және команданың жұмысына жауапкершілік танытады; барлық жағдайларда тиімді мамандық аралық қызметке және сапа қағидаттарына бейімделген.
  • Салауатты өмір салтына ықпал етудің әдістері мен стратегияларының және жеке/ отбасылық/ көпшілік деңгейлерде дербес күтім жасаудың кең ауқымын меңгерген.
  • Мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.