Отделение «Акушерское дело»

Дауренбекова Гульбану Батырбековна

«Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы

Почтаakusher@shmk.kz
Номер+7 (7252) 53-09-10 (112)
Кабинет4 қабат 417 кабинет

Акушерлік бөлім туралы

Акушерлік іс бөлімінде 1932 жылдан бастап «Акушер» біліктілігімен «Акушерлік іс» мамандығы бойынша медициналық кадрларды даярлау жүргізіледі.

Жалпы орта білім беру базасында оқу мерзімі-2 жыл 10 ай. Маманның кәсіби қызметі әртүрлі жастағы топтардағы әйелдерге медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Олар мынадай кәсіби қызмет түрлерін көрсетеді: емдік, босандыруға көмек, санитарлық-гигиеналық, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру, салауатты өмір салтын насихаттау, дәрігерге дейінгі көмек. Олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға арналған мекемелер:

  • Денсаулық сақтау қызметін басқару ұйымдарының әртүрлі ведомствалары мен мекемелері ; 
  • Тұрғындардың денсаулығын, ана мен баланы қорғау, отбасын жоспарлау қызметтері, «Неке және отбасы» кеңес беру, медициналық-генетикалық кеңес беру ұйымдары; 
  • Әртүрлі меншіктегі емдеу-алдын алу мекемелері: стационарлар, емханалар, амбулаториялар, аудандық ауруханалар, ауылдық учаскелік ауруханалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, медициналық-санитарлық бөлімдер, профилакториялар, санаторийлер;
  • Медициналық  ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • Колледждер, жоғары оқу орындары;
  • Медициналық сақтандыру және әлеуметтік сала қызметтері.

    Бөлімде оқу жоспарында көзделген және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған барлық оқу кабинеттері жұмыс істейді. Тәжірибелік  дағдыларды игеру және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру үшін бөлімде симуляциялық орталықтарда, дәрісханаларда, зертханаларда техникалық оқу құралдарымен және заманауи  муляждармен,  фантомдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіби құзыреттіліктерді игеру колледждің клиникалық базаларында жүзеге асырылады.

Галерея отделения