Отделение «Фармация, лабораторная диагностика, гигиена и эпидемиология»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Бөлімшелер > Отделение «Фармация, лабораторная диагностика, гигиена и эпидемиология»
Заведующий (ая)Нурманова Ботакоз Сабитовна
Почтаfarm.labdiagn@shmk.kz
Номер+7 (7252) 53-09-10 (113)
Кабинет3 этаж 328 кабинет

Заведующая отделением «Фармация, лабораторная диагностика, гигиена и эпидемиология»

«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша  мамандарды даярлау  оқу мекемесінде 1930 жылдан бастап жүргізіледі. Түлектерге  «Гигиенист -эпидемиолог» біліктілігі беріледі. «Гигиена және эпидемиология» мамандығын бітірген білім алушылар тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында, дезинфекциялық және обаға қарсы станцияларда, санитарлық-гигиеналық және микробиологиялық зертханаларда, сондай-ақ санитарлық қызметтің жетекші мамандары, дезинструктор, медстатист, зертханашы және медициналық мекемелердің эпидемиологы ретінде жұмыс істей алады.

         Орта білімді  фармацевт  мамандарын даярлау  1953 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оқытушылар құрамына ботаника, фармакогнозия, фармацевтикалық және аналитикалық химия, фармакология, дәрілік формалар технологиясы, менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономика, фармацевтикалық тауартану және т. б. сияқты арнайы пәндерді жүргізетін үлкен тәжірибелік тәжірибесі бар 10 оқытушы  кіреді.

  «Медициналық диагностика» мамандығының оқушыларын оқыту 1964 жылдан бастап жалпы медициналық білімді де, арнайы дағдыларды да меңгерген жоғары кәсіби кадрлардағы емдеу-диагностикалық процестің қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Тәжірибелік дағдыларды болашақ зертханалық диагностика мамандары оқытудың алғашқы айларынан бастап игереді. Мамандықтың үш негізгі бейіндегі зертханалар бар:
– клинико-диагностикалық;

– микробиологиялық;

– биохимиялық.    

Колледждің педагогикалық ұжымы оқу процесіне интерактивті, модульдік, кейс технологиясы, сыни ойлау технологиясы, саралау деңгейлерінің технологиясы сияқты жаңа білім беру технологияларын сәтті енгізуде. Мысалы, ЦӘБ оқытушылары өз пәндері бойынша сабақтардың үздік оқу әзірлемелері үшін жүлделі орындарға ие болды:

-2 қазан күні Шымкент қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне» арналған «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздардың бірі Шымкент қаласының «Жоғары медицина колледжі» оқытушысы Бектұрсынова Шарбану Тұрғалиқызы болды.

-2021 жылы 2 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Қоғамына қарай жиырма қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстары өткізілді. Колледжіміздің микробиология пәнінің оқытушысы Сайлауова Майра Жақсыбекқызы «Еңбек жолы» конкурсының «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Шымкент қаласы әкімінің Дипломымен марапатталды.

– Микробиология пәні бойынша оқытушылар М. Ж. Сайлауова, У.Н. Жиембекова білім беру саласының үздік қызметкерлерін анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы мұғалімдер қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының үздік 100 маманы-2022» республикалық конкурсына қатысып, 1-орынға ие болды.

– 2022 жылы,  оқытушы Р. С. Алматова «Қарағанды облыстық жоғары Мейірбике колледжі» МКК ұйымдастырған «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәні бойынша «Үздік оқу құралы»  сайысына  қатысқаны үшін 1 орынды жеңіп алды, Қарағанды қаласы;

-2022 жылдың 13-14 желтоқсанында Республикалық жоғары медицина колледжі базасында Қазақстан медициналық жоғары колледждерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында денсаулық сақтау саласы «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша кәсіби Республикалық конкурсы өтті. Сайыс барысында оқытушымыз конкурстың теориялық және практикалық кезеңінде кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді;

     Оқу орнының ғылыми – зерттеу жұмысының жарқын беттері бар, бұған республикалық, облыстық, қалалық, ғылыми-практикалық конференциялардағы жүлделі орындар дәлел бола алады.

  • 2019 жылы  «Үздік фармацевт-2019» республикалық байқауында  «Фармация» бөлімінің білім алушысы Абдыкадырова  Луиза  I  жүлделі орын алды;  
  • 2019 жылы  «Үздік медициналық лаборант -2019» WorldSkills  элементтерімен республикалық байқауында  «Лабораториялық диагностика» бөлімінің білім алушысы У.Н.  Полатбек  I  жүлделі орын алды; 
  • 2019 жылы  « Қазақстан тарихы» республикалық олимпиадада  «Гигиена және эпидемиология» бөлімінің білім алушылары Ташкенбаева Б.,Азатова А.,Конысова Ұ.,Қабылғазин Ә.   I  жүлделі орын алды;  
  • 2020 жылы  микробиология пәні бойынша республикалық байқауында  «Гигиена және эпидемиология» бөлімінің білім алушысы  Азат Аружан I  жүлделі орын алды; 
  • – 2021 жылдың қараша айында Астана қаласының жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған «Гиппократ» республикалық олимпиадасында ФЛ 19 «А», «Б» тобының білім алушылары Асылхан Әсел, Орынбай Ләззат ІІІ – орынды иеленді;
  • – 2022 жылдың сәуір айында Өскемен қаласының жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған «Зертханалық диагностика» республикалық олимпиадасында  ФЛ 19 «А», «Б» тобының білім алушылар  Елемес Нұриланы, , Юнусалиева Камиланы ІІІ – орынды иеленді;
  • 2022 жылдың сәуір айында Жоғары медицина колледж «Зерттеу жұмысы арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында Халықаралық студенттік ғылыми-теориялық конференция өткізді:

-У.Н.Жиембекованың жетекшілігімен «Топырақ микрофлорасының адам ағзасына тигізетін әсері»  тақырыбында ФЛ 20 А тобының білім алушысы Бердіхан Әсел баяндама оқып, 3-орынды иеленді. 

  • -2022 жылдың 20.05-27.05 аралығында М.Ж.Сайлауова, Ж.И.Дауренбекова «WorldSkillsShymkent -2022» «Лабораториялық медициналық анализ»  құзыреттілігі бойынша презентациялық аймақтық чемпионатын ұйымдастырды. Сайыс нәтижесі бойынша колледжіміздің білім алушысы    Л.Б.Орынбай 1-орынды иеленді.
  • – ФЯ 21 «Б» тобының білім алушысы Милена Тараненко Нұрсұлтан қаласында  Астана жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған «Гиппократ» республикалық олимпиадасында 3 орын үшін сертификат алды;
  • -2023 жылдың 18 сәуір күні Жоғары медицина колледж «WorldSkillsShymkent -2023» «Медициналық лаборант»  құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионатын ұйымдастырды. Сайыс нәтижесі бойынша колледжіміздің білім алушысы    Бердіхан Әсел 1-орынды иеленді.
  • «Үздік фармацевт-2023» республикалық кәсіби сайысына ФЯ 20 «Г» тобының білім алушысы Юлдашбекова Насиба қатысып,   ІІ жүлделі орынға ие болыды,  қатысқаны үшін  ҚР жоғары медициналық колледждерінің түлектері арасында диплом алды.