Институционалды және мамандандырылған өту ЖМК аккредитациясы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Институционалды және мамандандырылған өту ЖМК аккредитациясы

Колледждегі Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу Орталығының (ТҚАО) сыртқы сарапшылар тобы институционалдық аккредиттеу аясында 26.04.21- 28.04.21  ж. аралығында білім сапасына сыртқы аудит (бағалау) жүргізді.  Мамандандырылған колледж аккредитациясы, 29.04.21 – 30.04.21 аралығында 7 мамандық бойынша:

–  0301000 «Емдеу ісі», 0301013 «Фельдшер», 0301023 «Акушер(ка)» біліктіліктері

–  0302000 «Мейіргер ісі», 0302043 «Жалпы практика мейіргері», 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

– 0303000 «Гигиена және эпидемиология», 0303013 «Гигиенис-эпидемиолог»

– 0304000 «Стоматология», 0304023 «Дантист» біліктілігі

– 0305000 «Лабораториялықдиагностика», 0305013 Медициналық лаборант» біліктілігі

– 0306000 «Фармация», 0306013 «Фармацевт» біліктілігі

– 0307000 «Ортопедиялық стоматология», 0307013 «Тіс технигі» біліктілігі.

Сараптама комиссияларының құрамына: топ жетекшісі (Түркістан), Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің сарапшы өкілдері (Талғар, Тараз, Жетісай, Өскемен, Қызылорда), жұмыс беруші (Шымкент), агенттіктің бақылаушысы (Нұр-Сұлтан), студент (Шымкент).

Сыртқы аудит (бағалау) кезеңінде сараптамалық топтардың мүшелері колледж директоры – Абишев Г.М. және оның орынбасарлары қатысты. Сұхбат бөлім  меңгерушілерімен, ЦӘК  төрайымдарымен, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, колледж оқытушылары мен студенттерімен, медициналық ұйымдардың басшылығымен және өткен жылдар түлектерімен жүргізілді.

Сараптау комиссиясының мүшелері колледждің материалдық базасына көзбен шолып, тәжірибе базаларында, теориялық және практикалық сабақтарда болып, құжаттармен танысты.

Жұмыстың соңғы күні сараптамалық топтардың мүшелері сыртқы аудиттің қорытындыларын шығарды, ұсыныстар  әзірледі және колледж басшыларымен болған соңғы кездесуде  нәтижелері бойынша ауызша кері байланыс берді.

Leave a Reply