Мамандығым – мақтанышым!

III арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарланған онкүндігіне сәйкес 2022 жылдың 24 ақпан күні фармацевтикалық пәндер оқытушылары Ж.Тулепбекова, А.Серманизованың ұйымдастыруымен колледжіміздің  екінші курс білім алушылары арасында «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында эссе жазудан конкурс өтті.

Сайысымыз білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын арттыра отырып, орта буынды медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламасын іске асырып, бәсекеге қабілетті мамандар тәрбиелеп шығару және де олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Білім алушылар өз жұмыстарында таңдаған мамандықтарының үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, адалдықты, ұқыптылықты талап ететіндігін атап көрсетті.

Үздік жазылған эсселердің авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.