«Микробиология, гигиена-зертханалық диагностика» бірлестік апталығы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Микробиология, гигиена-зертханалық диагностика» бірлестік апталығы

«Микробиология, гигиена-лабораториялық диагностика» пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары 2023 жылғы 13 қараша күні апталық іс-шараларының бірінші күнін ауа-тамшы жұқпалардың алдын шараларын насихаттаудан бастады. Іс-шара барысында білім алушылар мен колледж қызметкерлеріне медициналық бетперделер мен дәрумендер тарататылды. Сонымен қатар «Қызылша ауруының белгілерін білесіз бе?» тақырыбында білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.

14 қараша күні колледжіміздің тәжірибелі оқытушысы, химия ғылымдарының кандитаты, Жайшибеков Бақтияр Сарсенбайұлы «Липидтердің асқын тотығы – мембраналық патологияның әмбебап механизмі» тақырыбында ЛД 21 А тобымен семинар дәріс өтті. Семинар барысында білім алушылар биохимиялық, микробиологиялық, клиникалық зертханалық зерттеулерге қатысты маңызды ақпараттар алды.