Құтты болсын Бас жүлде!!!

2023 жылғы 17 мамырда Жетісу облысының білім басқармасы, облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен Талдықорған жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» мамындығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.

Біздің колледждің атынан арнайы пәндер оқытушысы З.Әбдіқасымова қатысып, қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені иеленді.

Колледж ұжымы Зәмза Анафияқызының конкурстағы лайықты жеңісімен құттықтайды! Біз мұнымен тоқтамауды, әрқашан алға ұмтылуды, кез-келген шыңдарды бағындыруды тілейміз. Біз сізбен мақтанамыз!