Сәттілік серігің болсын, Анеля !

Үстіміздегі  жылдың 1 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында еліміздің өңірлерінде «WorldSkills Kazakhstan-2021» Ұлттық чемпионаты  өткізілуде. Бұл сайыста «Медициналық және әлеуметтік көмек»  құзыреттілігі бойынша   колледжіміздің бітіруші курсының білім алушысы  Ізбасарова Анеля өз бағын сынамақшы.

Дайындықтың  басы-қасында  болған жетекшісі А.Д.Бижанова  сондай-ақ, әр сала бойынша оның тәлімгерлері Ж.Т.Биботаева, Ж.Б.Бекназарова, З.А.Абдукасымова, Ф.Г.Аширова, А.А.Орынбай өз қамқорлығындағы шәкіртіне  сенімді және ол сайыста  жоғары  нәтиже  көрсетеді деп үміттенеді.

Колледж директоры Ғ.М.Әбішев  Ізбасарова  Анеляға  сәттілік  және жеңіс рухын тіледі.