Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысы

Жалпы ережелер

 

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады.

Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Құрылтайшы жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі- Уәкілетті орган) болып табылады.

Кәсіпорынның атауы: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы«Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, 22 құрылым, пошталық  индекс – 160000.

 

Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

Кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

 

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

Денсаулық сақтау және білім беру (облысы) саласында кәсіпорын қызметінің мәні болып, лицензия негізінде медициналық қызметті, білім беруді және өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

1)   белгіленген үлгідегі құжаттар берумен медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білім беру бағдарламаларын, кіріктірілген модульді білім беру бағдарламалары мен қосымша кәсіби білім беруді жүзеге асыру;

2)   орта медициналық және фармацевтикалық білікті мамандармен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

3)   қосымша кәсіптік білім беруде медициналық және фармацевтикалық мамандарға деген  қажеттіліктерді қанағаттандыру;

4)   мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру қызметтік жүзеге асыру;

5)   оқу тәрбие үдерісі барысында инновациялық педагогикалық технологияларды ендіру;

6)   жас оқытушыларды тәрбиелеу үшін тәлімгерлер мектебін дамыту және педагогикалық мамандар мен қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз көтеріп арттыру;

7)   әлеуметтік серіктестік кеңістігін кеңейту;

8)   тұрғындар арасында медициналық білімді тарату, оның білім мен мәдени деңгейін көтеру, соның ішінде ақылы білім беру;

9)   қызметкерлер мен білім алушылардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындау;

10) қаржылық-шаруашылық даму, материалды-техникалық базаны нығайту;

11) жақты мен қашықтағы әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуболып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрін жүзеге асырады:

1)   мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік лицензия негізінде медициналық білім беру қызметін мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүзеге асыру;

2)   орта медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізінде арттыру;

3)   кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз ету, оқу тәрбие үдерісінің ақпараттық үйлесімділігі (ақпараттық жүйелерді құру дамыту және қолдану, деректер базасы, бағдарламалар);

4)   студенттің өзін өзі жүзеге асыру, дамытуға бағытталған толыққанды әлеуметтік-педагогикалық тәрбиелеуші ортаны құру;

5)   оқу әдістемелік құралдар, оқу әдістемелік кешендер, оқулықтар, дидактикалық материалдар, электронды түрде;

6)   алыс жақын шетелдегі әріптердің шақырылуымен тақырыптық семинарлар, кәсіби шеберлік байқауларын, тренингтер, ғылыми тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру, өткізу;

7)   шаруашылық басқармаға берілген кәсіпорынның мүліктік кешенінің мазмұны, соның ішінде жылжитын және жылжымайтын мүліктер;

8)   Қазақстан Республикасы заңында құрылған кәсіпорынның мақсаты мен қызмет түріне сай заңды және жеке тұлғаларға ақылы білім, медициналық қызметтерді келесі бағытта көрсету:

а)   кәсіптік және техникалық білім беру ортадан кейінгі (қолданбалы бакалавриат) бағдарламаларын жүзеге асыру;

б)   медициналық мамандықтар бойынша біріктірілген модулді білім беру бағдарламасы қосымша кәсіптік білім беру және жоғары білім беруде бекітілген құжаттарды беру;

в)   бағдарламалық-әдістемемен қамтамасыз ету үшін техникалық қорларды қолдану, көшірме және көбейту жұмыстарын көрсету;

г)   симуляциялық кабинетпен қамтамасыз ету;

д)   симуляциялық технологияны қолдану негізінде кәсіби құзыреттілекті жетілдіру үшін симуляциялық оқытуды жүргізу.

9)   дидактикалық материалдарды оқу әдістемелік құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды оқытатын басылған және аудиовизуальдық өндірістерді іске асыру және шығару, соның ішінде электронды түрде;

10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтер, ғылыми білім беру іс шараларын жүргізу және ұйымдастыру, көрмелер, семинарлар, конференциялар, мәжілістер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер;

11) әртүрлі бағыттағы қызметтер бойынша іс-шаралар және конференциялар, тренингтер, семинарлар, лекциялар, кәсіптік курстарды және ұйымдастыру түрдегі ақпараттық – кеңестік қызметтер;

12) кәсіпорындағы білім алушылар мен қызметкерлерге медициналық қызмет, соның ішінде емдеу, алдын алу іс шаралары;

13) студенттер арасында денсаулықты нығайту және сақтау салауатты өмір салтын үгіттеу, санитарлық ағартушылық жұмыстар бойынша ақпараттық жұмыстарды жүргізу;

14) медициналық технологияларды қолдану арқылы жергілікті тұрғындарға амбулаториялық жағдайда мамандандырылған мейірбикелік күтім мен емдеу және медициналық іс-шараларын көрсету:

–     мамандықтар бойынша балаларға арналған амбулаториялық емханалық медициналық көмек;

–     ересек тұрғындарға мамандықтар бойынша амбулаториялық емханалық медициналық көмек және алдын алу, тексеру жұмыстарын жүргізу;

–     жалпы клиникалық зерттеулер;

–     дәрігерге дейінгі көмек;

–     дәстүрлі медицина.

15) Қазақстан Республикасының «Халықтар денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі бойынша тиым салынбаған медициналық қызметтің басқа да түрлері.

Негізгі қызмет түрлері бойынша мақсатқа жету жолында 11 пункте көрсетілгендей мекеме табыс әкелетін келесі қызмет түрлерімен айналысуға құқығы бар:

Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген медициналық қызмет;

медициналық емес қызметтер, соның ішінде тұрмыстық және сервистік қызметтер;

Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі Кәсіпорынның Уәкілетті органының және/немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органының, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі

 

Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының түрлері:

1)   емдеу ісі;

2)   мейірбике ісі;

3)   гигиена және эпидемиология;

4)   стоматология;

5)   лабораториялық диагностика;

6)   фармация;

7)   ортопедиялық стоматология;

8)   медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

 

Кәсіпорынға қабылдау тәртібі

 

17. Кәсіпорынға қабылдау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ТжКБ оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың стандартты ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі

 

Кәсіпорын оқу-әдістемелік қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті түрдегі білім беруді ұйымдастырудың нормативтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның білім беру қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Міндетті Білім Стандарттарының негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Білімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, оларды жүргізу формасы мен тәртібінің жүйесі

 

Оқушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясының ағымдағы мониторингі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органын айқындайтын студенттердің аралық және қорытынды аттестаттауына академиялық үлгерімді бақылаудың үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Білім алушыларды оқудан шығару тәртібі мен негізі

 

Білім алушылар оқудан шығарылуы мүмкін:

1)   өз еркімен;

2)   дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтама-қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша;

3)   басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;

4)   Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да жағдайларда.

 

Кәсіпорынды басқару

 

Кәсіпорынның Құрылтайшысы:

1)   Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешем қабылдайды;

2)   Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе Уәкілетті органға уәкілеттік береді;

3)   Кәсіпорынныңмүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

4)   Кәсіпорында Байқау кеңесін енгізу туралы шешім қабылдайды;

5)   осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кәсіпорынның Уәкілетті органы:

1)   Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2)   Құрылтайшы берген тиісті өкілеттіктер болған жағдайда Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3)   Кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындауыжөніндегіесептердібекітеді;

4)   Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

5)   Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

6)   Кәсiпорын мүлкiнiң есепке алуды ұйымдастырады, оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;

7)   Кәсіпорынның Байқау кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізеді;

8)   Кәсіпорынның Байқау кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді;

9)   Кәсіпорынның Байқау кеңесенің ұсынысы бойынша Кәсіпорынның басшысын, оның орынбасарларын және бас бұхгалтерін қызметке тағайындайды және оның алдын ала келісімі бойынша қызметтен босатады;

10) Кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

11) Кәсіпорынның корпоративтік басқару кодексін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

12) Кәсіпорында ішкі аудит қызметін құру туралы шешім қабылдайды;

13) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кәсіпорын органдары:

1) Басқару органдары- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының Заңымен және (немесе) Кәсіпорынның Жарғысымен Уәкілетті органның және (немесе) Құрылтайшының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, кәсіпорын қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Байқау кеңесі (бұдан әрі-Байқау кеңесі);

2) жеке-дара атқарушы орган – Кәсіпорынның ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын Кәсіпорынның басшысы болып табылады.

Байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуы, жақын туыстық пен бір-бірімен және Кәсіпорын басшысымен қарым-қатынаста болмайтын 5 (бес) адамнан кем болмауы тиіс.

Байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.

Байқау кеңесінің мүшелері кәсіпорын басшысын қоспағанда, кәсіпорын қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Байқау кеңесінің құрамына Уәкілетті органның өкілдері, Кәсіпорынның басшысы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде сайланатын адамдар кіреді.

Мынадай:

1)   соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2)   заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3)   бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4)   Байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе Кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

Байқау кеңесінің құрамына сайланған адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шектеусіз рет қайта сайлануы мүмкін.

Байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі Уәкілетті орган Байқау кеңесінің жаңа құрамын сайлау жүргізілетін шешім қабылдаған сәтте аяқталады. Уәкілетті орган Байқау кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Бұдан басқа, Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешіміне сәйкес байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде оның өз міндеттерін одан әрі орындай алмауының себебі көрсетіледі.

Байқау кеңесі Байқау кеңесі мүшесінің өтінішін қарайды және осы өтініш Уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім шығарады.

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда Байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күн бұрын өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және Уәкілетті орган Байқау кеңесінің жаңа мүшесін сайлаған жағдайда, соңғысының өкілеттігі жалпы Байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталысымен бір мезгілде аяқталады.

Байқау кеңесінің төрағасы Байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелері санының көпшілік даусымен сайланады. Кәсіпорын басшысы Байқау кеңесінің төрағасы болып сайлану үшін кандидат болып табылмайды.

Байқау кеңесі кез келген уақытта Байқау кеңесінің төрағасын қайта сайлауға құқылы.

Байқау кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда ағымдағы отырыс шеңберінде оның функцияларын Байқау кеңесінің тиісті шешімі негізінде Байқау кеңесі мүшелерінің бірі уақытша жүзеге асырады.

Уәкілетті орган Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау қорытындылары бойынша уәкілетті орган Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметші болып табылатын Байқау кеңесінің мүшелеріне және Кәсіпорын басшысына сыйақы төленбейді. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы Кәсіпорынның қаражаты есебінен төленеді.

Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Байқау кеңесі мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері, Байқау кеңесі жұмысының (қызметінің) тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) Кәсіпорынның Жарғысымен, Байқау кеңесі туралы ережесімен айқындалады.

Байқау кеңесінің мүшелері Кәсіпорын, Уәкілетті орган және Құрылтайшы алдында Кәсіпорынның іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Байқау кеңесінің мүшелері, егер Байқау кеңесі қабылдаған, Кәсіпорынның залалына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

Байқау кеңесі:

1)   Уәкілетті органға Кәсіпорынды даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;

2)   Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;

3)   демеушілік және қайырымдылық көмекті және қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;

4)   бастамашылық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды;

5)   бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және аталған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін Уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

6)   Кәсіпорын басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша Уәкілетті органның ұсыныстарын келіседі;

7)   ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде Кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;

8)   Байқау кеңесі хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімінжәне жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

9)   Уәкілетті органға Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізеді;

10) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

11) Уәкілетті органға Кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;

12) Уәкілетті органға Кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

13) Кәсіпорынның ішкінормативтік құжаттарының жіктеуішін бекітеді;

14) Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының жіктеуішіне сәйкес Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;

15) Кәсіпорын басшысының тағайындауға кандитатурларды сайлайды, сондай-ақ Кәсіпорын басшысымен еңбек шартын бұзу мәселесін алдын ала келіседі;

16) Кәсіпорын басшысының орынбасарларын және бас бухгалтерді қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәселелерді алдын ала келіседі;

17) Кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру мөлшері мен шарттарын айқындайды;

18) аудиторлық ұйымның қаржылық есептілік аудиті үшін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындайды;

19) Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;

20) Кәсіпорын немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындайды;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Кәсіпорынның Жарғысында көзделген, Уәкілетті орган мен Құрылтайшының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Осы тармақта белгіленген Байқау кеңесінің өкілеттіктерін Кәсіпорын басшысына беруге жол берілмейді.

Кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшесінің талабы бойынша Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері Байқау кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.

Байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, Уәкілетті органның, Байқау кеңесі мүшесінің немесе Кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.

Егер Байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа Байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, байқау кеңесінің отырысы заңды болып табылады. Байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын Байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.

Байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

Байқау кеңесінің шешімдері отырысқа қатысушы Байқау кеңесі мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.

Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға Байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.

Кәсіпорын басшысы Байқау кеңесіне есеп береді.

Кәсіпорын басшысы Уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

Кәсіпорын басшысы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Кәсіпорынның Жарғысымен кәсіпорынның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Кәсіпорын қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Кәсіпорын басшысының шешімдері жазбаша түрде ресімделеді.

Кәсіпорын басшысын Байқау кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және оның алдын ала келісімі бойынша Уәкілетті орган қызметтен босатады.

Кәсіпорын басшысын тағайындау, аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Кәсіпорын басшысы басқа ұйымдарда тек Байқау кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы.

Кәсіпорын басшысы атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның қызметін атқаруға құқығы жоқ.

Кәсіпорын басшысының функциялары, құқықтары мен міндеттері, оның жұмыс (қызмет) тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) Кәсіпорынның Жарғысымен, сондай-ақ кәсіпорынның аталған тұлғамен жасасқан еңбек шартымен айқындалады.

Кәсіпорын басшысы:

1)   өзіне жүктелген міндеттерді орындағаны үшін Құрылтайшының, Уәкілетті органның және Байқау кеңесінің алдында;

2)   Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің қанағаттанғысыз нәтижелері және кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін;

3)   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін;

4)   сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін;

5)   таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;

6)   өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін дербес жауапты болады.

Кәсіпорын басшысының еңбек шартына Уәкілетті орган қол қояды.

Кәсіпорын басшысы:

1)   Уәкілетті орган және Байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

2)   үшінші тұлғалармен қатынастарда Кәсіпорын атынан әрекет етеді;

3)   банктік шоттар ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4)   үшінші тұлғалармен қатынастарда Кәсіпорынныңмүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

5)   Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

6)   өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды өз орынбасарларының біріне жүктейді;

7)   өз орынбасарлары арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;

8)   Байқау кеңесі бекітетін Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының жіктеуішіне сәйкес құжаттарды бекітеді;

9)   осы Жарғыда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Кәсіпорынның мүлкі

 

Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

Кәсіпорынның мүлкі:

1)   оған меншік иесі берген мүліктің;

2)   өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы жарғыда өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 144-бабында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мыналарға:

1)   филиалдар, өкілдіктер құруға;

2)   оған тиесілі дебиторлық берешегіне билік етуге;

3)   үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

4)   қарызғы беруге құқылы;

Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде немесе Құрылтайшының шешімінде өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 51 және 52-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Таза табыстың бір бөлігін аудару нормативін және Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу нормативін Уәкілетті орган белгілейді.

Кәсіпорындар таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құрылған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіптен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактлері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

      

Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 528 780 000 (бес жүз жиырма сегіз миллион жеті жүз сексен мың) теңге құрайды.

 

 

Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

Байқау кеңесімен Кәсіпорын байқау кеңесінің, басшысының, тисті саланың уәкілетті органның бастамасы бойынша кәсіпорын қаражаты есебінен қаржылық есеп беру аудитін жүргізеді.

 

Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе тиісті саланың уәкілетті органының іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдай болса. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауап береді.

 

 

Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқасәйкес айқындалады.

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Уәкілетті органы белгілейді.

Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін,сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін уәкілетті органы белгілейді.

Кәсіпорынның даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде қызметкерлерге, кәсіпорын басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сыйақы беру және қосымша қаржы көздерінен материалдық көмек көрсету бөлігіндегі шешімдерді Байқау кеңесі қабылдайды.

 

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін Уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді Құрылтайшы бекітеді немесе Уәкілетті органға өкілеттік береді.