«Шын жүректен мың алғыс!» Қайырымдылық акциясы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Шын жүректен мың алғыс!» Қайырымдылық акциясы

2022 жылдың 2 наурыз күні колледжде Жастар ісі жөніндегі комитет, білім алушылардың кәсіби одағы және Студенттік парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен «Шын жүректен мың алғыс!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Колледждің білім алушылары Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№ 7 үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын, бөгде адамның көмегіне мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі 40 балаларға арналған концерттік бағдарлама дайындап, колледж білім алушылары мен қызметкерлерінің дайындаған сыйлықтарын табыс етті. Орталық әкімшілігі колледж басшысы мен ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.