«WorldSkills Shymkent – 2022»

2022 жылғы 24 мамыр күні Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжінің» базасында  «Лабораториялық медициналық анализ» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent – 2022» өңірлік презентациялық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа бас сарапшы ретінде ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімше басшығының орынбасары Б.А.Искакова, тәуелсіз сарапшылар ретінде  «Қалалық диагностикалық орталығы» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  жоғары санатты дәрігер-лаборанты Г.Б.Дүйсебекова, ТО ҚДБ ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасының» клиникалық диагностикалық зертхана бөлімінің  аға лаборанты Р.Т.Ондасинова қатысты.

«Лабораториялық медициналық анализ» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent – 2022» өңірлік презентациялық чемпионатына білім алушылар:  Л.Б.Орынбай «Жоғары медицина колледжі» 4-курс, А.А.Корбацкова «Авиценна көпсалалы медициналық колледжі» 3-курс, Б.Салдарбек 4-курс «Шымкент көпсалалы колледжінен» қатысты. Чемпионат қатысушылары «Зертханалық гематологиялық зерттеу», «Зертханалық микробиологиялық зерттеу», «Зертханалық санитарлық-гигиеналық зерттеу» модульдерінен тәжірибелік іс-дағдыларын көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Жоғары медицина колледжінің «Лабораториялық диагностика мамандығының» 4-курс білім алушысы Орынбай Ләззат кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде  көрсете білді. Барлық чемпионат қатысушылары сертификаттармен және олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

\