Жаңа жыл қарсаңында білім алушылар да сыйлыққа ие болды..!

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Жаңа жыл қарсаңында білім алушылар да сыйлыққа ие болды..!

2021 жыл – Сиыр жылын Шымкент жоғары медицина колледжінің білім алушылары тамаша естеліктермен аяқтауда.

Тарих қойнауына енгелі отырған жылдың соңында өте жақсы оқитын, көп балалы отбасынан шыққан, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген  Шымкент жоғары медицина колледжінің 500 білім алушылары директор Ғалымжан Мотайұлы Әбішев пен колледждің білім алушылар кәсіподағы атынан жаңа жылдық сыйлықтарға ие болып,  қуанышқа бөленді. Сондай-ақ дәстүрге айналған 18 жасқа жаңа толған білім алушыларды кәмелет жасқа толуларымен де  құттықтау  рәсімі де тыс қалмады.

Колледж басшысы шәкірттерге жаңа жылға арналған жақсы тілектерін  айтып, білімді де білікті жастар болуға шақырды. Жаңа жыл қарсаңында бұл игі  іс-шаралар  білім алушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Үлгілі білім алушылар  біздің әрқашан  мақтанышымыз!