Жарайсың, Аружан!

2024 жылғы 30 сәуірде  Шымкент  қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Жас зерттеушілердің білім саласындағы IT-технологияларды пайдаланудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.             Конференция аясында үздік ғылыми жобалар байқауында «Анатомия пәнінен асқорыту жүйесін оқытуда  электронды кітапшаны пайдалану және оның тиімділігі» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс білім алушысы А.Шыңғысбаева жобасын қорғап, Бас жүлдеге ие болды.            Аружанға білім мен ғылым саласында алдағы уақыттада жаңа жеңістер тілейміз!