Жастар арасында ЖИТС ауруының алдын алу

16 қараша күні  «ІІ-арнайы пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушысы А.Б.Ерназарова «Жастар арасында ЖИТС ауруының алдын алу»  тақырыбында колледж білім алушыларымен  кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қ. ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нан дәрігер-эпидемиолог Ы.Р.Мусаев және  эпидемиолог көмекшісі Ш.Елшібай қатысты.

Кездесу барысында ФР 19 «Б» тобының білім алушысы Ж.Бағысбай «Жастар арасында ЖИТС ауруы» тақырыбында баяндама оқыды. Дәрігер-эпидемиолог Ынтымақ Рүстемұлы тақырыпқа сай презентация жасап, бейнероликпен білім алушыларға жан-жақты мағлұмат берді. Эпидемиолог көмекшісі Шохан Елшібай  АИТВ-ға экспресс тест арқылы талдау әдістері қалай жүргізілетіндігі көрсетіліп, түсіндірілді.

Іс-шара санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді.