Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары сәйкес 2022-2023 оқу жылында колледждің жатақханасына 160 мұқтаж білім алушылар орналыстырылды.
Колледждің жатақханасына орналастыру конкурстық комиссия жатақханадағы орындарды бөлуді негіздемелері мен кезектіліктігі ескеріліп, жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын жаңа қабылданған білім алушылар қатарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, барлық топтағы мүгедектік, аз қамтылған отбасы, бір асыраушысынан айрылған отбасы және ата-анасы барлық топтағы мүгедектігі бар, Қазақстанның басқа өңірлері мен Түркістан облысының шалғай ауданында тұратын білім алушылар орналастырылды.
Колледждің жатақханасына орналастыру конкурстық комиссиясы ағымдағы оқу жылында тұрақты түрде жұмысын атқарады.