2023 жылы 7 сәуір күні колледжімізде «Үздік Фельдшер-2023» кәсіби сайысы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіруші топтар арасында өткізілді.Сайысымыз 5 кезеңге бөлінді.
Бірінші кезеңде -«Мамандық таңдаудан жаңылма» тақырыбына сайысқа қатысушылар өз таныстыруларын көрсетті.
Екінші кезеңде «Ұшқыр ой »- тапсырма бойынша ауруды дұрыс анықтап, болжам диагноз қойды.
Үшінші кезеңде «Құлақтан кіріп бойды алар»- аудио таспадағы дыбыстарды тыңдап қалыпты және патология жағдайындағы жүрек және өкпе шуларын анықтады.
Төртінші кезеңде «Кім жүйрік» ұяшықтан сұрақ таңдап, сол тапсырма бойынша тәжірибелік дағды көрсетті. Тапсырмалар арнайы пәндер бойынша берілді.
Бесінші кезеңде «Үй тапсырмасы»- қол өнер немесе рольдік ойын көрсетті.
Конкурс нәтижесі бойынша ФР 20 «Д» тобының командасы «Үздік Фельдшер-2023» сайысының жеңімпазы болды. Жеңімпаздарға колледждің кәсіподағы атынан бағалы сыйлықтар табысталды, қатысқан командалар диплом, алғыс хаттармен марапатталды.