2023 жылғы 29 қыркүйекте Шымкент жоғары медицина колледжінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023ж. №87 «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» такырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Д.З.Ештаева, №1 қалалық емханасының бас дәрігері М.Ә.Бейсеуов, №4 қалалық емханасының бас дәрігері А.Ж.Бекбауова, «Шымкент» жүрек орталығының» дәрігері Г.С.Әлімбаева, Шымкент қалалық тілдерді оқу-әдістемелік орталығының қызметкері А.Т.Оспанова және колледж қызметкерлері, оқытушылары, кітапханашылары мен білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бірауыздан ана тілімізге жаңашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды. Қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілде құжат жүргізуге қатысты өздеріне қажет пайдалы ақпарат алып, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.