Дарибаева Гульмира Абилькасимовна
Әдістемелік кабинет – оқу-әдістемелік жұмысты басқару бойынша жоғары медицина колледжінің құрылымдық бөлімшесі.
Әдістемелік кабинет өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Білім туралы» және «Денсаулық сақтау туралы» заңдарын, Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Оқу ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің бұйрықтары мен нұсқауларын және басқа да нормативтік құқықтық актілері мен колледж директорының бұйрықтары мен өкiмдерiн басшылыққа алады.
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі мақсаты – оқытушылардың кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық процестің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Әдістемелік кабинеттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, жоғары ұйымдардың басқару және сапа менеджмент жүйесінің құжаттарына сәйкес оқу-әдістемелік үрдістің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесетін білім беру технологияларымен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Әдістемелік кабинет қызметкерлерінің құрамы штаттық кестемен, лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген функционалдық міндеттермен айқындалады.
Әдістемелік кабинет құрамы:
Әдістемелік кабинет жұмысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары үйлестіреді.
Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау және ұйымдастырудың жалпы іс-әрекеті барысында әдістемелік кабинет колледждің барлық бөлімдерімен өзара тығыз байланыста жұмыс жасап, әдістемелік кеңеспен, тәрбие жұмысы және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша педагогикалық кеңеспен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Әдістемелік кабинет өз жұмысында:
Жумашев Марат Нуржанович
Аширова Фейруза Гарифуллақызы