Оқу бөлімі колледждің құрылымдық бөлімшесіне қарайды және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бағынады. Оқу бөлімі колледждің білім беру қызметінің стратегиясын және оқу процесін жүзеге асыруға, сабақты жоспарлауды ұйымдастырады.
Оқу бөлімінің негізгі атқаратын функциялары:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарын жасап, бекітеді.
- оқу бөлімінің меңгерушісі мен аға оқытушылары ҚР МЖББ білім беру деңгейлеріне сәйкес семестр бойынша теориялық сабақтардың кестесін құрып, электрондық платформаға теориялық және тәжірибелік сабақтардың кестесін (college.smartnation.kz, http://isedu.shmk.kz) енгізіп, оқу процесін қадағалайды.
- shmk.kz колледждің білім беру электрондық платформасына білім алушыға оқу траекториясын таңдауға жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін жеке оқу жоспарын енгізеді.
- shmk.kz колледждің білім беру электрондық платформасына оқытушылардың жылдық жүктемесін енгізеді.
- Кез келген академиялық кезеңде білім алушылар өз бетінше таңдайтын таңдау бойынша компонент (ТКБ) каталогын әзірлеп, бекітеді.
- бірінші курс студенттерге арнап білім алушының студенттік билеті мен үлгерім кітапшасына тапсырыс беруді ұйымдастырады. (студенттік билет басшының қолы, білім беру ұйымының мөрі, білім алушының фотосуреті болған жағдайда жарамды. Білім алушы білім беру ұйымынан шыққан кезде билет оқу бөліміне қайтарылуы тиіс.)
- педагог жұмысының әрбір айға арналған оқу уақытын есепке алу ведомості (сағатпен және (немесе) кредитпен) толтырады.
«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, өзектендіруді үйлестіреді, сондай-ақ, осы ұйым білім алушыларының есептік жазбасын жасайды.
Аға оқытушы
Айтқұлова Сәуле Нұрланқызы