Избасарова Айгул Зиябековна
2018 жылдан бастап колледжде Финляндияның қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленген жоғары кәсіби клиникалық бағдарланған медициналық мамандарды даярлау үшін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламасы енгізілді. Мейіргерлік практиканы үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мейірбике мамандығын алғысы келетіндерді оқытудың сапасы мен сәйкестігін тиісті түрде арттыруды, сондай-ақ, жұмыс істеп жүрген мейірбикелердің біліктілігін үздіксіз арттыруды талап етеді. Бүгінгі таңда барлығы 249 жеделдетілген траекториясы бойынша қолданбалы бакалавр мейірбикесі, 89 қолданбалы бакалавр мейірбикесі дайындалды.
Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы еуропалық директиваларға сәйкес әзірленген және білім алушылар уақытының шамамен 50% -ын клиникалық базада өткізеді.
Бұл оқытудың негізгі мақсаты – оқу кезеңінде және практикалық іс-әрекетте алған білімдерін белсенді және тиімді пайдалана алатын, сыни және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқаруға және пациенттің қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті жаңа формациядағы тәжірибеге бағытталған мейірбике мамандарын даярлау.
09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мамандарды «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен оқыту ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес білікті оқытушылар құрамымен жұмыс оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Барлығы 30 оқытушы, оның ішінде 10-ы мейіргер ісінің магистрі, 8-і академиялық мейіргер ісінің бакалавры. Соңғы бес жылда барлық штаттық оқытушылар біліктілігін арттырудан өтті.
Колледжде клиникаға дейінгі оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушыларды тәжірибеге даярлау үшін практика кабинеттері мен симуляциялық орталықта жағдайлар жасалған.
Бүгінгі таңда колледждің клиникалық базаларында «Ментордің білім беру бағдарламасы» циклі бойынша арнайы даярлықтан өткен 157 ментор сабақ жүргізеді.
Білім алушылар EGOV кабинеті, интернет, лингафон кабинеттері, зертханалар, кітапхана, асхана, жатақхана сияқты барлық оқу ресурстарына қол жеткізе алады.
Практикалық дағдыларды игеру және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру үшін бөлімде оқытудың техникалық құралдарымен, заманауи муляждармен және фантомдармен жабдықталған симуляциялық орталықтарда, аудиторияларда, зертханаларда, арнайы кабинеттерде білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіби құзыреттіліктерді игеру колледждің клиникалық базаларында жүзеге асырылады.
Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының білім беру сапасын жақсарту бойынша кітапхана қоры 7924 кітапты құрайды, оның ішінде-4871 оқулық, 3037 оқу-әдістемелік құрал, 16 электрондық оқулық.
Мейіргер ісі -2 бөлімінің жетістіктері
«Қолданбалы бакалавр» мамандығы
Шымкент қ., 2020 ж. «WorldSkills Shymkent-2020» аймақтық чемпионатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша білім алушы Ізбасарова Анель қатысып, І дәрежелі дипломды иеленді. Жетекшісі: Бижанова Айгерім Дүйсенәліқызы.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медицина колледжі» базасында өткен «Эрудит – анатом 2020» атты Республикалық қашықтық олимпиадасына ҚБ 19 «А» тобының білім алушысы Октамбаева Мафтуна Санжарбековна қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Астана қ., 2020 ж. «WorldSkills Shymkent-2020» Республикалық чемпионатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша білім алушы Ізбасарова Анель «Үздік маман» номинациясын иеленді. Жетекшісі: Бижанова Айгерім Дүйсенәліқызы.
Қызылорда қ., 2021 ж. «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймақтық медицина колледждерінің білім алушылары арасында өткізілген олимпиадада Октамбоева Мафтуна Санжарбековна 1 орынды иеленді. Жетекшісі: Абдан Аидана Қаныбекқызы.
Қызылорда қ., 2022 ж. «Мейіргердің ғылымдағы үлесі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми зерттеу конференциясына ҚБ 20 «А» тобының білім алушысы Амалбайқызы Алина қатысып, 1 орынды иеленді. Жетекшілері: Шерхан Айдана Үсенқызы, Сырлыбай Фарида Ералықызы.
Қызылорда қ., 2022 ж. «Мейіргердің ғылымдағы үлесі» тақырыбындағы республикалық студенттер арасындағы ғылыми- зерттеу конференциясына ҚБ 19 «А» тобының білім алушысы Октамбоева Мафтуна Санжарбековна қатысып. 1 орынды иеленді. Жетекшісі: Мамыр Мәдина Құрбанәліқызы.
Шымкент қ., 2022 ж. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттіліг бойынша «WORLD SKILLS 2022» аймақтық чемпионатына қатысқан ҚБ 20 «А» тобының білім алушы Нарзиева Маржан Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломымен және медалімен марапатталды. Жетекшісі: Шерхан Айдана Үсенқызы.
Шымкент қ., 2023 ж. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттіліг бойынша «WORLD SKILLS 2023» аймақтық чемпионатына қатысқан ҚБ 20 «А» тобының білім алушы Нарзиева Маржан Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломымен және медалімен марапатталды. Жетекшісі: Абдан Аидана Қаныбекқызы.