Дауренбекова Гульбану Батырбековна
«Акушерлік ісі» бөлімшесінің меңгерушісі
Акушерлік іс бөлімінде 1932 жылдан бастап «Акушер» біліктілігімен «Акушерлік іс» мамандығы бойынша медициналық кадрларды даярлау жүргізіледі.
Жалпы орта білім беру базасында оқу мерзімі-2 жыл 10 ай. Маманның кәсіби қызметі әртүрлі жастағы топтардағы әйелдерге медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Олар мынадай кәсіби қызмет түрлерін көрсетеді: емдік, босандыруға көмек, санитарлық-гигиеналық, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру, салауатты өмір салтын насихаттау, дәрігерге дейінгі көмек. Олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға арналған мекемелер:
Бөлімде оқу жоспарында көзделген және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған барлық оқу кабинеттері жұмыс істейді. Тәжірибелік дағдыларды игеру және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру үшін бөлімде симуляциялық орталықтарда, дәрісханаларда, зертханаларда техникалық оқу құралдарымен және заманауи муляждармен, фантомдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіби құзыреттіліктерді игеру колледждің клиникалық базаларында жүзеге асырылады.