Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

АТА – АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

​​2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес 21 қыркүйек күні колледж директоры Ғ.М.Абішев биыл оқуға қабылданған білім алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ғалымжан Мотайұлы ата-аналарды оқу орнының ішкі тәртіп қағидаларымен таныстырды. Колледж директоры орта буын медицина мамандарына қойылатын заманауи талаптарға егжей-тегжейлі тоқталып, білім алушыларды колледждің ішкі тәртібін сақтауға және оқу орнында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Қорытындылай келе, барлық қазақстандықтарды толғандыратын мәселе – атом электр станциясының құрылысы туралы қозғап, атом өнеркәсібі қазіргі әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі болып табылатынын және ол энергетикалық қауіпсіздікте, көптеген елдердің айтарлықтай экономикалық өсуінде шешуші рөл атқаратыны туралы атап өтті.