Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Біз есірткіге қарсымыз!»

2024 жылғы 16 қазанында колледжде 1 курс білім алушылар арасында «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Б.Карбеков, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері М.Одаман және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Г.Палхожаева қатысты.

Кездесу барысында есірткі құралдарының зиянды әсері, алкоголь мен темекіні жас ағзаға қолдану, жаман әдеттерден аулақ болу, өзін және басқаларды жаман әдеттердің әсерінен қорғау мәселелері талқыланды.
Қорытындыда салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмірге оң көзқарастар мәселелері қаралды.

https://www.instagram.com/reel/DBRApTmtauc/?igsh=M3ppcWo4b2NrY210