2024 жылғы 24 қазан күні колледжде Ұлттық мереке Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың Жоғары Кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Колледж директоры Г.Абишев оқытушылар мен білім алушылар қауымын мерекемен құттықтап, оларға ізгі тілек білдірді.
Іс-шара барысында колледждің алдыңғы қатарлы, үздік жетістіктерге қол жеткізген бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері Шымкент қаласының Әль-Фараби ауданы әкімінің, «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалының, колледж директорының Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
https://www.instagram.com/reel/DBglo5vNU8W/?igsh=MXY5cWFjNHNlaXhwcQ%3D%3D