Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Білім-болашақтың құлпы,оны тек еңбектенген адам аша алады.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Білім-болашақтың құлпы,оны тек еңбектенген адам аша алады.
Ағымдағы жылдың 03-07 ақпан аралығында«Педиатрия,жұқпалы аурулар,электрондық
денсаулық сақтау пәндері» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді.
Апталықтың ашылуыГ.Нуриева мен Е. Айдарханның ұйымдастыруымен өткен«АПВ
вакцинасы жатыр мойны обырының алдын алуының бірден бір жолы» тақырыбындағы
семинармен басталды. Семинар қонақтары мен спикерлері:Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментініңинфекциялық және паразиттік
ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімнің басшысы Ж.Жаксылыкова және бас
маманы Н.Калдыгозова, аса қауіпті инфекциялық ауруларды және туберкулезді бақылау
бөлімінің бас мамандары М.Байырбеков және А.Сағындық мазмұнды баяндамалар
жасап,Акушерлік» мамандығының білім алушылардың қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Келесі күні педиатрия пәнінің оқытушылары А.Конырбековажәне М.Ташева ЮНИСЕФ
бағдарламасы бойынша
балалардың әмбебап-прогрессивті моделінің«Әкелерді бала
тәрбиесіне қатыстыру» тақырыбында білім алушылармен тренингөткізді.Тренинг барысында
әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру арқылы эмоционалдық байланысты нығайту
және өз-өзіне сенімді,қоғамға бейімді, мінез-құлқының негізі талқыланды.
ЦӘБ апталығы аясында екі ашық сабақ өткізілді: оқытушы А.Каримов МБ 22 «Л
тобында «Уровни обработки рук. Кожный антисептик в системе противоэпидемических
мероприятий. Меры безопасности» тақырыбында және оқытушы Г. Нурмышева МБ 23 «Г»
тобында «Мерзіміне жетіп туылған бала
күтімі, анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері» тақырыбында.
Ашық сабақтарда оқытушылар электронды платформаларды (Wordwall, bamboozle,
flippity.net, kahoot) пайдалана отырып, тестілік және жағдаяттық тапсырмаларды орындай
отырып, ТВL, проблемалық оқыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиялары сияқты
инновациялық технологиялар мен әдістерді шебер қолданып, жаңа тақырыпты түсіндіру
кезінде жасанды интеллект интеграциясын көрсетті.
ЦӘБ апталығы«Защити себя от туберкулеза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізумен
аяқталды. Оны педиатрия пәнінің оқытушысы Н. Гавриленко МБ 23 «Л» тобының білім
алушыларымен бірге ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында туберкулездің даму қаупін
арттыратын факторлармен алдын алу шаралары талқыланды.
Апталық барысында бастауыш оқытушылар мектебінің педогогтері оқу үдерісіне
оқытудың озық технологияларын енгізуде кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік алды, ал
студенттер «Педиатрия, жұқпалы аурулар және электронды денсаулық» білім беру
орталығының пәндерін тереңдетіп оқуға жақсы мотивация алды.