Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК
09120100

«Емдеу ісі» мамандығы

Оқытудың нормативтік мерзімі:

2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында

4S09120101 «Фельдшер» біліктілігі

Білім беру түрі: күндізгі

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді көздейді:

  • Ортақ жауапкершілік негізінде жеке-бағытталған тәсілді қолдана отырып, диагностиканы, емдеуді және алдын - алуды жүзеге асырады;
  • Емделушілердің әртүрлі санаттарына емдеу және шұғыл көмек көрсету әдістерін меңгереді;
  • Әр түрлі санаттағы пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың заманауи әдістерін қолданады;
  • Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша фельдшерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолданады;
  • Фельдшерлік мінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгерген;
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
  • Жүргізілген диагностикалық және емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды;
  • Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.