III арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарланған онкүндігіне сәйкес 2022 жылдың 14 ақпан күні «Үйірме жұмысы – кәсіби білім беру негізі» көрмесі өтті.
Білім алушылардың жасаған көрнекілігін көрсету мақсатында өткен көрмеде стоматологиялық және фармацевтикалық пәндер оқытушылары ұйымдастыруымен, «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация» мамандықтарының білім алушылары жасаған туындылары, яғни болашақ дантисттердің және тіс техниктерінің дайындаған тіс протездері, атап айтқанда, қазіргі заманауи биодентапласт, металлокерамикалық көпіртектес және бюгельді протездер, сонымен бірге металдық құйылған штампталған тіс протездері мен акрильді пластмассадан жасалаған таңдай протездері балауыздан және гипстен дайындалған тістер түрлері ұсынылды.
«Фармация» мамандығының білім алушылары «Дәрілік түрлер технологиясы» және «Фармакогнозия» пәндері бойынша колледждің оқу-тәжірибелік жылыжайында өсірілген дәрілік өсімдіктерінің гербарийлерін, шикізат үлгілерін, солардан дайындаған емдік коктейльдерін, скрабтарын, тұнбаларын ұсынды.