Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бөлімінде қолданылтын әдістер

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бөлімінде қолданылтын әдістер

III арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарланған онкүндігіне сәйкес 2022 жылдың 22 ақпан күні фармацевтикалық пәндер оқытушысы Б.Қалиеваның ұйымдастыруымен «Білім алушылардың білімін тексеру және бағалау бөлімінде қолданылтын әдістер» тақырыбында оқытушылар  арасында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – пән бойынша оқытушыларға білім алушылармен жұмыс барысында олардың білімін тексеру және пысықтау  барысында білік дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру, тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге және орындалған жұмысты бағалауға, білім алушылардың қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістерге көмектесу.

Семинарға барлық бастауыш оқытушылар қатысып, жаңа мағұлматтарды, ақпараттық қоммуникативтік технологияларды, соның ішінде тиімді мобильді оқытуға арналған қосымша – NEARPOD платформасымен жұмыс жасауды үйренді.