Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

02- 06 желтоқсан аралығында Миробиология, гигиена және лабораториялық диагностика пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > 02- 06 желтоқсан аралығында Миробиология, гигиена және лабораториялық диагностика пәндері циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

Апталық 1-желтоқсан Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған іс-шарадан бастау алды. Іс-шара барысында циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Н. Жургенбаевамен бірге «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда ФР 23 «В» тобының студенттері «Өкініш» тақырыбында қойылым қойып, семинар қатысушыларына ой салып, әсер қалдырды.
Сонымен қатар, «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Н. Жургенбаева білім алушыларға АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі туралы ақпарат беріп, «Тілек ағашы» тақырыбында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға ақ тілектерін жазып, тренинг өткізді. Тренинг барысында білім алушылар өздерінің жақсы тілектерін ақ шарларға жазып, аспанға ұшырды. Семинар соңында ЛД 22 «А» тобының білім алушылары «Қол жуу техникасы» тақырыбында семинарға қатысушылармен бірге флешмоб биледі.
Апталықтың екінші күнінде «қолшатыр» әдісін қолдана отырып, білім алушылардан «Ауа тамшы жолымен таралатын жұқпалар» тақырыбында сұрақ- жауап айдары болды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушыларға жеміс-жидектер сыйға берілді. Сонымен қатар, барлық топтарға «Ауа тамшы жолымен берілетін жұқпалардың алдын алу» тақырыбында әлеуметтік ( WhatsApp чат) желі арқылы ақпараттық материалдар таратылды.
Апталықтың үшінші күні «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» маманы Исмагулова Айгүл Мұхтарқызымен бірге «Туберкулездің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өтті.
5-желтоқсан «Білім алушылар арасында оқу –зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында үйірме жұмыстары бойынша конференция өтті. Конференцияда ГЭ 22 «А» тобының білім алушылары Жұмахан Ғалия, Амангелді Диас, Садықұл Бейбарс, ЛД 22 «А» тобының білім алушылары Махан Әсел, Нұрман Мадина, ГЭ 23 «А» тобының білім алушылары Мақұлбек Назерке және Ордабек Жанна өзекті тақырыптарда баяндама жасады.
6- желтоқсан күні Лабораториялық диагностика мамандығының бітіруші топ білім алушыларының арасында «Үздік лаборант» сайысы өтті. Сайысқа сарапшы ретінде «Ұлттық сараптама орталығының» дәрігер-бактериологы Б.А.Искакова, санитарлық-гигиеналық бөлімінің меңгерушісі А.К.Абдиева және «Қалалық диагностикалық орталығының» аға лаборанты Ж.Р.Мырзаева қатысты. Сарапшылар білім алушылардың кәсіби деңгейіне жоғары баға бере отырып,
ЛД 23 «А» тобының білім алушысы Нұрман Мадинаны үздік деп танылып, жүлделі дипломмен марапатталды.