2023 жылдың 17 наурызында Түркістан қаласында «Фармация» мамандығының бітіруші топтары арасында «Үздік фармацевт -2023» Республикалық байқауы өтті. Байқау арнайы пәндер бойынша практикалық дағдыларды көрсетуді, фармацевтің жұмысын реттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы білуді қарастырды. Байқауға Қазақстанның 22 жоғары медициналық колледжі қатысты.
Колледжіміздің білім алушысы Юлдашева Насиба 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпазды құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!