2024 жылғы 5-9 ақпан аралығында «Педиатрия, жұқпалы аурулар және электрондық денсаулық сақтау»циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > 2024 жылғы 5-9 ақпан аралығында «Педиатрия, жұқпалы аурулар және электрондық денсаулық сақтау»циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті

2024 жылғы 5-9 ақпан күндері аралығында Шымкент жоғары медицина колледжінде «Педиатрия, жұқпалы аурулар, электрондық денсаулық пәндері» циклдік әдістемелік бірлестігі оқытушыларының апталығы өтті.
5 ақпан күні апталықтың ашылуына орай педиатрия пәнінің оқытушылары А.Конырбекова, М.Ташева, Г.Нурмышева ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша балалардың әмбебап-прогрессивті моделінің «Ерте балалық шақ шексіз мүмкіндіктер уақыты» тақырыбында АК 21 «Б» тобының білім алушыларымен тренинг өткізді.
Тренинг барысында ойындар өткізілді, оқу бейне материалдары көрсетілді, білім алушыларға ЮНИСЕФ ақпараттық модульдерін тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар берілді.
6 ақпан күні жұқпалы аурулар пәні оқытушысы М.Зияева МБ 23 «Д» тобында «Қолды өңдеу деңгейлері. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесіндегі тері антисептикасы. Қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы М.Зияева сабақты инновациялық технологияларды қолдана отырып өтті: ТВL, flippity.net, wordwall.net, миға шабуыл, білім шамы, тик ток әдістері қолданылды. Emaze.com сайтында 3D презентацияларымен толықтырылды
7 ақпан күні жұқпалы аурулар пәнінің оқытушылары Е.Айдархан, Г.Нуриева білім алушылар арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының алдын алу» тақырыбында конференция өткізді. Білім алушылар өз баяндамаларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ККГЛ) бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту бойынша бірқатар мәселелерге назар аударды.
8 ақпанда электрондық денсаулық пәнінің оқытушылары А.Колдасова, С.Айтқұлова «Электрондық денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға республикада ғана емес, әлемдік тәжірибеде де қолданылатын кешенді медициналық ақпараттық жүйені қолдану тәжірибесі көрсетілді.
«Педиатрия, жұқпалы аурулар және электрондық денсаулық сақтау» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы педиатрия пәнінің оқытушысы Н.Гавриленконың МБ 22 «Л» оқу тобында «Жаңа туылған бала» тақырыбында ашық сабақ өткізуімен аяқталды. Сабақ барысында проблемалық оқыту технологиясы мен әдістері кеңінен қолданылды.
Сабаққа қатысушылар қолданылған әдістер білім алушылардың білімін шығармашылық игеруге және ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деген ортақ пікірге келді.