Өнер мен шеберлік- педагогты жүректілік пен ақылдылыққа байланыстыратын қабілет

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Өнер мен шеберлік- педагогты жүректілік пен ақылдылыққа байланыстыратын қабілет

Үстіміздегі жылдың 24-25 қаңтары аралығында «Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы оқытушының кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру» атты дәстүрлі педагогикалық оқулары өтті.
Педагогикалық оқулардың бірінші күні әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Дарибаева негізгі баяндаманы жасап, педагогтардың шеберлігін үздіксіз жетілдіру үшін заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану жайында сөз етті. Негізгі баяндама аясында өздерінің жүргізетін пәндері бойынша қолданыстағы замануи әдістермен келесі оқытушылар: Г.Бегеметова, Е.Ештаев, А.Ізбасарова, Г.Сахова, Ж.Көпбаева, З.Есенгараева және А.Байтасов ой бөлісті.
Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы оқытушының кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі екіндігі туралы ортақ пікірге келді.
Сонымен қатар, З.Тұрғанбек М.Сайлауова, Ш.Бектурсынова, Ғ.Сыдыгалиева Н.Камал А.Сағидулла, Д.Тұрарова және У.Кенесова «Талап» комерциялық емес акционерлік қоғамының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ТжКБ ұйымдары арнайы пән педагогтерінің біліктілікті арттыру курстары бойынша есептерін ұсынды. Өз есептерінде курстарда алған білімдерімен, сондай-ақ оларды сабақтарда қолдану әдістерімен бөлісті.
Қаңтар педагогикалық оқулардың екінші күні колледж психологтары Г.Әбдіқұлова мен Т.Кудасованың ұйымдастырумен «Білім ордасындағы рөлдік қақтығыс және оның алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренингпен жалғасты.
Педагогикалық оқулардың шарықтау шегі арнайы пәндер оқытушылары: А.Асылхан, Э.Нурлыбаева, А.Агилова, А.Конырбекова, М.Зияева, Е.Кешубаева, З.Мухамбетова, Ш.Избасаровалардың озық тәжірибелермен бөлісіп, шеберлік сыныптарын көрсетуімен аяқталды. Сонымен қатар жоспарға сай әдістемелік кеңестің үшінші отырысы болып, педагогикалық оқуларға оң баға берілді.
Биылғы жоспарланған дәстүрлі қаңтар педагогикалық оқулары қызықты өтіп, жас мамандардың тәжірибе жинауына мол үлес қосты.