«Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық дицплин» бірлестігінің оқытушылары 11-15 желтоқсан аралығында бір апта өткізді

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық дицплин» бірлестігінің оқытушылары 11-15 желтоқсан аралығында бір апта өткізді

2023 жылы 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне арналған апталығының ашылуы өтті. Іс-шара барысында циклдік әдістемелік бірлестік оқытушылары тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін атап өтті, отанымыздың ұлттық құндылықтары туралы сұхбат жүргізді.

Апталық, ЦӘБ оқытушылары Ә.М. Әділбай және Л.С.Барпиеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ жүрегі» атты танымдық пәнаралық сайыспен жалғасты. Сайыстың қорытындысы бойынша «Лабараториялық диагностика» мамандығының білім алушылары бірінші орынды иеленді.

12 желтоқсан күні тарих пәнінің оқытушысы Х.К. Маханова ФР 23 Д тобының білім алушыларымен «Знатоки истории» тақырыбында ойын-викторина өткізді.

13 желтоқсан күні «Психология негіздері және коммуникативтік  дағдылар»  пәнінің оқытушылары Н.А.Турехулова және Г.К. Сахова білім алушылар арасында «Жақсы көңіл- күй жанға қуат» тақырыбында  психологиялық  тренинг өткізді.

14 желтоқсан күні «Құқық және экономика негіздері» пәнінің оқытушысы                 Д.А. Қожаналиева колледж білім алушыларымен «Адалдық алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс шараға колледж комплаенс офицері  Е. Құрбанов қатысты және білім алушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

15 желтоқсан күні колледждің білім алушылары Шымкент қаласының қуғын-сүргін мұражайына саяхат жасады. Мұражай 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарды еске алуға арналған.