2024 жылғы 9 қыркүйекте колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында семинар – тренингі өтті.
Семинарға А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құқықтану кафедрасының доценті, Phd докторы Ермек Төленұлы Бекбосынов, колледждің оқытушылары мен білім алушылар қатысты.
Семинар – тренингте сөз алған Е.Бекбосынов білімнің сатылмайтынын және жемқорлық бар жерде болашақ жоқ екенін атап өтті. Жүргізіп жатқан жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын міндеттермен қатар бүгінгі күнге қойылатын талаптарды жеткізді.
Іс – шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.