Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК Комплаенс қызметінің 2022 – 2023 оқу жылына бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 4-8 қыркүйек күндері колледждің барлық білім алушыларымен «Адалдық сағаттары» атты іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Колледж білім алушыларының бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
