80 жас мерейтойыңыз құтты болсын!  

Шымкент жоғары медицина колледжінде медицина қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында ардагер ұстаз, кемеңгер басшы бола білген Момынов Еркін Әшірұлын 80 жасқа толуымен құттықтау салтанаты өтті.

Адам өмірінің айтулы белесі – 80 жасқа толу мерейтойымен  Еркін Әшірұлын колледж әкімшілігі мен ұжымы   шын жүректен құттықтап,  сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Еркін Әшірұлымен  кездесу барысында   әріптестер колледж тарихына көз жүгіртіп, сыр шертісті, жақсы тілектерін аямады.

Еркін Әшірұлы  – бүгінгі күнде артына мәнді де, мағыналы із қалдырып, 80 жастың салиқалы биігіне көтеріліп отырған ардагер.

Ол –  өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін ардақты жан. Медицина саласының  орта буынды мамандарын дайындауға қосқан кемел қабілеті тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз!