Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады

2022 жылы 15 желтоқсан күні  колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітап оқуды насихаттауға арналған  «Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» тақырыбында кітапханалық квилт өтті.

Кітапханалық квилттің өткізілу мақсаты: кітаптарды рухани байлық ретінде оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, кітаптарды жаппай оқуға шақыру.

Іс-шараны өткізу барысында білім алушылар кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсете отырып, құрметтерін жеткізді. Кітап оқудың пайдасы туралы  кеңестер айтылды. Квилт тақтасы, оған жапсырылған түрлі түсті жапсырма қағаздар,  іс-шараға көрік берді. Кітап көрмесі қойылып,  шолу жасалды.