«Айналаңды нұрландыр»

Желтоқсанның тоғызына жалпы гуманитарлық  және әлеуметтік – экономикалық пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында психология пәнінің оқытушысы Г.К. Сахова білім алушылармен «Айналаңды нұрландыр» атты психологиялық тренинг өткізді.

Психологиялық тренингтің мақсаты – қатысушылардың  адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға,  психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, топта сыйластық қарым-қатынас орнатуға, жүректі  таза ұстауға тәрбиелеу.

Тренинг барысында  білім алушыларға өз өмірінің авторы болуға, өзін саналы түрде басқарудың жолдары айтылды. Қатысушылар жаттығуларды шешу барысында тіл арқылы байланысу,  қарым-қатынас жасау – адамға ғана арналған басты байлықты бағалауды, айналадағы адамға құрметпен қарауды үйренді.