«Worldskills Kazakhstan 2021» чемпионатының қорытындысы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «Worldskills Kazakhstan 2021» чемпионатының қорытындысы

2021 жылдың 01 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында – VІ Республикалық кәсіби шеберлік «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионаты  өткізілді.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда ықпалы мол. Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады. WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.

Біздің колледж «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберлік чемпионатына қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша 4-курс қолданбалы бакалавр білім алушысы Ізбасарова Анеля «WorldSkills Kazakhstan 2021» дипломымен және медальонымен марапатталды.

Колледж басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам Анеляны жеңіске деген ерік-жігерімен және көрсеткен табандылығымен құттықтайды!

Біз еліміздің түрлі өңірлеріндегі үздік кәсіпқойлармен тең дәрежеде бәсекелесе, табысқа қол жеткізе және алға жылжи алатынымызды дәлелдедік!