«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік»

Жоғары медицина колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты іс-шара өтті. Колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы ұжымды және білім алушыларды мерекемен құттықтап, егемен еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосқан бір топ оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады. Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталып, ел тарихынан терең сыр шертетін фильм көрсетіліп, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылды.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен   колледждің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлмира Әбілқасымқызын және оқытушы Алия Серикбайқызын «Қазақстан медициналық  колледждері  Одағы» заңды тұлғалардың бірлестігінің «Медбикелік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен  марапаттады.

Салтанатты жиында «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қаласындағы филиалының төрайымы Рита Сакенқызы ұжымды мерекемен құттықтап, мамандар бөлімінің қызметкері Кулзада Мелдебекқызын, колледж әдіскері Марат Нуржанұлын аталған қоғамдық бірлестіктің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады.

Салтанатты іс-шарада колледж жетістіктері аталып өтілді, халықаралық, республикалық білім бәйгелерінде, спорттық сайыстарда және шығармашылық байқауларында оқу орнының намысын қорғаған ұжым мен білім алушылардың еңбегі бағаланды. Колледж оқытушылары мен қызметкерлері колледж директорының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Ұлы мерекеге арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.