Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Акушерлік іс – медицинаның өте маңызды саласы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Акушерлік іс – медицинаның өте маңызды саласы
Біздің колледжімізде әр циклдік әдістемелік бірлестіктерінің пәндік
апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. «Акушерия, гинекология және
хирургиялық пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 2025
жылғы 31 наурыз – 4 сәуір аралығында «Акушерлік іс – медицинаның өте
маңызды саласы» тақырыбында апталық өткізілді.
Апталықтың ашылуын «Сұрақтарға жауап бер!» – деген сергіту
ойынымен бастап, білім алушылардың пәнге, мамандыққа деген
қызығушылықтарын оятты.
Оқытушылар Г.Наурызбаева мен У.Кенесованың басшылығымен «Ерте
жүктіліктің алдын алу» тақырыбында білім алушыларға арналған конференция
ұйымдастырылды. Бұл конференцияда колледж психологы Т.Қудасова мен
жастар комитетінің басшысы Ш.Жолдасова жастар арасында жиі кездесетін
жағдайлармен ой бөлісіп, психологиялық тұрғыдан пікір алмасты. Осы тақырып
аясында АК 23 «А» тобының білім алушылары К.Миркамилова және
А.Шамшидин мазмұнды баяндама жасап, жастарға бейнебаянмен қоса
презентация ұсынды.
Апталықтың келесі күні «Прегравидарлық дайындық» тақырыбында
оқытушылар А.Бижанова мен И.Қалжігітқызының ұйымдастыруымен дөңгелек
үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының денсаулық сақтау
басқармасының штаттан тыс бас психолог маманы С.Усибалиева, №6 қалалық
емханасының «Жастар Денсаулық Орталығының» маманы А.Досыбекова
және Шымкент қалалық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог
дәрігері, «Отбасын жоспарлау» орталығынын координаторы Г.Жаныкулова
қатысып, білім алушылармен құнды мәліметтерімен бөлісті. Болашақ акушер
мамандарға өз ісінің маманы болу үшін жан – жақты кеңес берді.
Жоспарға сәйкес апталық пән оқытушысы Д.Курбаналиева
«Стоматология» мамандығының білім алушыларына «Знатоки акушерства»
тақырыбында сайыс ұйымдастырумен жалғасты. Сайыс барысында
қатысушылар жоғары білім деңгейін көрсетіп, сұрақтарды белсенді талқылап,
командалық рух көрсетті. Қорытынды бойынша білім алушылар алған
білімдерін ойын түрінде бекітіп, алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың
кәсіби өсу үшін қажеттілігін алға тартты.
Келесі күн хирургия пәнінің оқытушылары А.Жулекеев және
И.Петраковскаяның білім алушыларға арналған «Төтенше жағдайларда қан
кету кезінде алғашқы медициналық көмек» тақырыбындағы семинарымен
жалғасты. Семинарға мәліметтермен бөлісу үшін колледждің техника
қауіпсіздігіның инженері М.Қалдыбаев қатысты.