Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Анестезия барысындағы асқынуларға шұғыл көмек көрсету» атты дөңгелек үстел

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «Анестезия барысындағы асқынуларға шұғыл көмек көрсету» атты дөңгелек үстел

2022 жылдың 15 ақпан күні ІІІ-арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде жоспарға сәйкес стоматология пәндерінің оқытушылары Ж.Даулетбахов және Ж.Тасқараев «Анестезия барысындағы асқынуларға шұғыл көмек көрсету» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Осы дөңгелек үстелге колледж жанынан ашылған «Тіс емханасының» дәрігерлері мен аға мейірбикесі қатысты.

Дөңгелек үстелде  анестезияның қолданылуы, анестезия жүргізу барысында асқынулардың жергілікті және жалпы жағдайда кездесетіндігі жөнінде, адам өміріне қауіп әкелетіндігі туралы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, болашақ дантисттердің пациенттерімен қарым – қатынасы, білім алушыларының тәжірибелік дағдыға даярлығы туралы сөз қозғалды.

Дөңгелек үстел соңында тәжірибедегі дәрігерлер білім алушылардың тақырыпқа сәйкес қойылған көптеген  сұрақтарға жауап берді.