Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныны әкімшілігі 2023-2024 оқу жылында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжде ақша жинаудың кез-келген әрекетіне тыйым салынатынын ескертеді! «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңын басшылыққа ала отырып, кез-келген мерекелік іс-шараларда, колледж қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар мен колледждің жөндеу жұмыстарына және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға катаң тыйым салынатынын ескертеді!
Сіздерден осы заңда көрсетілген қағидаларды бұзбауға, заң талаптарын сақтауға шақырамыз! Заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңмен қудаланатынын, қызметтік міндеттерінен айыру, айыппұл төлеу жазалары бар екенін ескертеміз!
Егер осындай жағдайларға байланысты мәселелер туындап жатса, колледж Комплаенс-қызметіне +77011221080 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз, құпиялылық пен анонимділіктің сатқталуына кепілдік беріледі!