Білім алушылардың кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың негізгі жолы – оқу процесін барынша тәжірибеге жақындату

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Білім алушылардың кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың негізгі жолы – оқу процесін барынша тәжірибеге жақындату

Қоғамның, оның экономикасы мен әлеуметтік-саяси жүйесінің даму тенденциялары мен перспективалары  колледж түлектерінің тәжірибелік құзыретіне жаңа талаптар қояды. Бұл оқу орындарының тәжірибелік  серіктестердің кең ауқымымен сапалы жаңа өзара әрекеттесуін қажет етеді. Тәжірибелік  серіктестермен ынтымақтастық әртүрлі нысандарда жүзеге асырылады және жаңғыртудың негізгі аспектілерін қамтиды: білім беру мазмұны, білім беру процесін ұйымдастыру, мамандарды даярлауды болжау мақсатында еңбек нарығын зерделеу.

Колледжінің  үшінші арнайы пәндер  оқу-әдістемелік бірлестігінің апталығында    фармацевтикалық пәндер оқытушылары А.Ербасова, М.Анарбекова, А.Булдырыкова «Фармация» мамандығының студенттеріне «TEVA» фармацевтикалық компанияның өкілдерінің қатысуымен «TEVA – Қазақстан нарығындағы ірі фармацевтикалық компанияның білім алушылардың кәсіби бағытына ықпалы» атты конференцияны өткізді.

«TEVA» фармацевтикалық компанияның өкілдері болашақ фармацевтердің  сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттілік мәселелерін талқылады, компания туралы ақпарат берді, негізгі қызметімен, даму перспективаларымен, мамандарға қоятын талаптарымен таныстырды. Болашақ фармацевттерге бұл кездесу ұнады,  өз мақсаттарына жету қабілетін дамыту және өзін-өзі кәсіби көрсетуі үшін осындай кездесулердің маңыздылығын бағалады.