Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Бос лауазымдарға конкурс жарияланады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық

жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бос лауазымдарға конкурс жариялайды

 

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:

Арнайы пәндер оқытушысы:

– Хирургия пәнінің оқытушысы – 4,0 ш.б.,

– Стоматология пәндерінің оқытушысы – 4,0 ш.б.;

– Психиатрия пәнінің оқытушысы – 2,0 ш.б.;

– Терапия пәнінің оқытушысы – 2,0 ш.б.;

– Педиатрия пәнінің оқытушысы – 3 ш.б.;

– Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы – 2,0 ш.б.,

– Неврология пәнінің оқытушысы – 1 ш.б.;

– Жұқпалы аурулар  пәнінің оқытушысы – 2,0 ш.б.;

– Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – 1,0 ш.б.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Конкурс өткізетін мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, инд:160000, электронды пошта: kadr-shvmk-00@mail.ru.

Байланыс телефон: 87018862654

Лауазымдық жалақы мөлшері:  155 734 тенгеден 190 066 теңгеге дейін.

Лауазымның бос немесе уақытша бос болуы:  бос лауазым

Лауазым жүктемесі: 1 ставка