Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді көздейді:
Ортақ жауапкершілік негізінде жеке-бағытталған тәсілді қолдана отырып, диагностиканы, емдеуді және алдын - алуды жүзеге асырады;
Емделушілердің әртүрлі санаттарына емдеу және шұғыл көмек көрсету әдістерін меңгереді;
Әр түрлі санаттағы пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың заманауи әдістерін қолданады;
Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша фельдшерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолданады;
Фельдшерлік мінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгерген;
Халықаралық стандарттарға сәйкес аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
Жүргізілген диагностикалық және емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды;
Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.