Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК
09110100

«Стоматология» мамандығы

Оқытудың нормативтік мерзімі:

2 жыл 10 ай жалпы орта білім негізінде

4S09110102 «Дантист» біліктілігі

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық жәек кәсіптік модульдерді көздейді;

  • Өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілігін көрсетеді және өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
  • Қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
  • Қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамда дантистердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды.
  • Кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
  • Жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, пациент үшін эстетикалық жайлылықты жасау және дүниетанымды байытуға үздіксіз ұмтылады.
  • Мәдениет, сенім, салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.
  • Әр түрлі кәсіби командаларда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді, бірлескен жұмыстың нәтижелілігі мақсатында Өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді.
  • Кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
  • Халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмысты реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды біледі және пайдаланады, салауатты өмір салтының ұлттық және халықаралық стратегиялық бағдарламаларының әдістері мен технологияларын меңгерген.
  • Созылмалы және әлеуметтік-маңызды аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды жүзеге асырады.
  • Сапа индикаторларына сәйкес өз қызметін бағалайды. Өзінің жұмыс контексінде күтім сапасын арттыру үшін жауапкершілік танытады.
  • Пациенттердің қажеттілігін анықтайды, пациент-орталықтанған жоспарды жасайды және енгізеді, күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды. Пациенттің және отбасының қатысуымен стоматологиялық шешімдер қабылдайды.