Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Ашық есік күні 2024 жыл

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒЫТ БЕРУ

2024 жылғы 15 сәуір – 30 сәуір аралығында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінің түлектеріне үгіт-насихат жұмыстар жүргізілді: «Қайда оқуға барасың?» тақырыбында кәсіби бағыт – бағдар жүмыстары жүргізілді.

2023-2024 оқу жылының кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек аудандарында  және Арыс қаласында,  Шымкент қаласындағы  25 жалпы орта мектептерінің түлектеріне колледждегі мамандықтар бойынша мәліметтер берілді. Оқушылар колледж туралы бейнороликтер көріп, біраз мағлұмат алды. Одан басқа, оқушыларға колледж туралы брошюралар таратылды.

Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін колледж оқытушылары  жыл сайын қала, аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына-мектептерге  барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізді.

Біздің колледждің білікті оқытушылары  ашық есік күніне келген №129, №87, №14 №25, №59, №99, №127, №86, №62 мектеп оқушылары кездесу өткізді. Мектеп оқушылары симуляциялық орталықта болып, колледжің білікті оқытушылары мектеп окушыларына  жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізді.