«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДІНТАНУШЫ – ТЕОЛОГПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2024 жылғы 26 қыркүйекте колледжде «Нұр-Мұбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің теологы, Phd докторы Б. Ботақараев және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығының» теологы С.Тілләбекпен арнайы кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, білім алушыларға статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандардың жалпы санын атап өтті.
Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар да аз емес. Деструктивті діни ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғалды.
Кездесуде колледждің білім алушылары көтерілген тақырыпқа аса қызығушылық танытып, қойлған сұрақтарды талдауда аса белсенділік көрсетті осындай іс-шаралардың тағы да болып тұруына ұсыныс жасады.
https://www.instagram.com/reel/DAYZ9EUtDP2/?igsh=MXU1cGNvNXN6N3ZueQ%3D%3D